Дания биржасында өрт шықты

Данияның бұрынғы бағалы қағаздар айырбасы «Борсен» биржасы ғимаратында өрт шықты.

2128367
Дания биржасында өрт шықты

Данияның бас қаласы Копенгагенде бұрынғы бағалы қағаздар айырбасы «Борсен» биржасы ғимаратында өрт шықты.

Парламент ғимараты орналасқан Кристиансборг сарайы маңындағы бағалы қағаздар айырбасының тарихи ғимаратында шыққан өрттің себебі белгісіз.

Өрт кезінде ғимараттың 17-ғасырда салынған шамамен 56 метрлік мұнарасының ұшы опырылып құлады.

Полиция топтары тұрғындарға ашық емес, бірақ кейде мерекелік кештер мен конференциялар сияқты іс-шаралар өткізілетін ғимарат орналасқан көшені көлік қозғалысына жауып, аймақта қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Өрт сөндіру топтары дереу өртті сөндіруге кірісті.

Құтқару топтары тарихи ғимаратқа қоса, парламент ғимаратындағы адамдарға қоса айналадағы кейбір ғимараттарды эвакуациялады.

Өрттен ешкімнің зардап шекпегені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар