Тайваньдағы зілзаладан зардап шеккендер саны 12-ге ұласты

Тайваньдағы 7,2 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12-ге жетті.

2125294
Тайваньдағы зілзаладан зардап шеккендер саны 12-ге ұласты

3 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.58-де Тайваньның шығыс жағалауындағы Хуалиен округінде болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артып келеді.

Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде таулы аймақта тағы 2 адамның мәйіті табылғаннан кейін қаза тапқандар саны 12-ге жетті.

Тайвань өрт сөндіру қызметі 18 адамның із-түзсіз жоғалғанын және олардың арасында Австралия мен Канададан 3 адам бар екенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар