Армения Сыртқы істер министрі Әзербайжанмен кездесуге тоқталды

Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян бейбітшіліктің маңызды құрамдас бөлігі аймақтағы көлік жолдарының қайта ашылуы екенін баса айтты.

2138914
Армения Сыртқы істер министрі Әзербайжанмен кездесуге тоқталды

Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян ел астанасы Ереванға жұмыс сапарымен барған Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы, Мальта Сыртқы істер, Еуропа істері және сауда министрі Ян Боргпен кездесті.

Арменияның «Armenpress» ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Мирзоян қонағына өткен аптада Қазақстанның Алматы қаласында болған Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесуінің оң атмосферада өткенін айтты.

Мирзоян екі елдің аумақтық тұтастығын өзара мойындауды және 1991 жылғы Алматы декларациясы негізінде шекараны анықтауды зерттеуді жалғастыру қажеттігін баяндады.

Министр Мирзоян Әзербайжанмен келіссөздер жүргізілген бітімгершілік келісімге аталған декларацияның қағидаттарын енгізу ұзаққа созылған аймақтық қақтығысты тоқтатуға және Оңтүстік Кавказда тұрақты бейбітшілік орнатуға мүмкіндік береді деп сенетінін мәлімдеді.

Арарат Мирзоян бейбітшіліктің маңызды құрамдас бөлігі аймақтағы көлік жолдарының қайта ашылуы екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар