Талибанды лаңкестік ұйымдар тізімінен шығарады

Талибан өкілдері форумға шақырылды.

2123693
Талибанды лаңкестік ұйымдар тізімінен шығарады

Ресей Сыртқы істер министрлігі Талибанды лаңкестік ұйымдар тізімінен шығарумен айналысуда. «Gazetа.ru» Сыртқы істер министрлігі бұл жұмысты Әділет министрлігімен бірге жүргізіп жатқанын, бірақ соңғы шешімді үкімет қабылдайтынын хабарлады.

Бұл ретте Ресей президенті Владимир Путиннің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабулов Талибан өкілдерінің Ресейде өтетін 15-ші «Ресей-Ислам әлемі: KazanForum» форумына шақырылғанын және олардың қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.

Мәскеумен және Ислам әлемі елдерімен экономикалық ынтымақтастықты дамыту алаңы ретінде өткізілетін «KazanForum» Ресей Федерациясының құрамындағы Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында 14-19 мамыр аралығында өтеді.

Кабулов егжей-тегжейлі мәлімет бермей, Ресейдің Талибан үкіметімен халықаралық лаңкестікпен күресте «тұрақты ынтымақтастықта» екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар