«Газаны қайта қалпына келтіру менің мәселем емес" деді

Израиль халық паналаған аурухана мен білім алу мекемелерін де нысанаға алуда.

2116548
«Газаны қайта қалпына келтіру менің мәселем емес" деді

Израильдің асыра оңшыл Қаржы министрі Безазел Смотрих елінің 7 қазан күннен бергі он мыңдаған тонна бомба лақтырып,  аурухана, мектеп, мешіт пен шіркеу демей көптеген азаматтық ғимаратты қиратқан «Газаны қайта қалпына келтіру құнының өзінің мәселесі емес екенін» айтты.

Израиль халық паналаған аурухана мен білім алу мекемелерін де нысанаға алуда.  Мешіт пен шіркеу секілді азаматтық ғимараттарды да бомбалап,  Газадағы қырғынын жалғастырып отыр.

Газадағы үкіметтің Медиа кеңсесі 29 ақпан күні жазбаша хабарлама жариялап, Израиль армиясының  7 қазаннан бері Газаға 70 мың тоннадан астам жарылғышпен шабуыл жасағанын білдірді.

Осы хабарламаға қарағанда,  Израиль шабуылдарында 70 мың тұрғын үй толығымен қираған, 290 мың үй адам тұратын жағдайда емес.  Шабуылдарда үкіметтің 160 ғимараты, 100 мектеп пен университет ғимараты қирады. 305 мектеп пен университет ғимараты зардап шекті.

Израиль армиясы Газада 281 мешітке зиян келтірді.  Олардың 211-і толығымен құлады. 3 шіркеуді нысанаға алып, қирауына себеп болды.  Газада 154 медициналық мекемені жұмыс істемейтін жағдайға келтірген Израиль 200 тарихи және мәдени жәдігерді жойып жіберді.

Израильдің Қаржы министрі болса елінің осы жауапкершілігін мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар