Қайық аударылып, бір қыз қайтыс болды

Францияның солтүстік губернаторлығы қайықтың соншалықты көп адамды тасымалдауға сәйкес келмейтін мәлімдеді.

2110512
Қайық аударылып,  бір қыз қайтыс болды

Франция солтүстігіндегі  Ла-Манш арнасын кесіп өтпек болған шағын қайық аударылып, 7 жасар қыз қайтыс болды.

BBC-дің жергілікті  француз шенеуліктеріне негізделе   жасалған ақпаратында, бортында 16 иммигрант бар шағын қайық Францияның Дункерк жағалауынан бірнеше шақырым жерде суға батып кеткен.

Францияның солтүстік губернаторлығы қайықтың соншалықты көп адамды тасымалдауға сәйкес келмейтін мәлімдеді.

Қайықтың аударылу салдарынан 7 жасар қыздың суға батып кеткені, оның үш бауыры, жүкті анасы және әкесі Дункерктегі ауруханаға жеткізілгені атап өтілді.

Британ Ішкі істер министрлігінің деректеріне сәйкес, биыл Ұлыбританияға 2 мыңнан астам иммигрант көшкен. Өткен жылы Франциядан Ұлыбританияға Ла-Манш арқылы 30 мыңға жуық иммигрант өткен.



Ұқсас жаңалықтар