Буркина-Фасодағы шабуылда 15 адам көз жұмды

Мәлімдемеде шабуылда 15 адамның өліп, 2 адамның жараланғаны атап баяндалды.

2107176
Буркина-Фасодағы шабуылда 15 адам көз жұмды

Африка елдерінің бірі Буркина-Фасода жексенбі күні мешітке жасалған шабуылдан 15 адам қаза тапты.

Дори католиктік шіркеуі жасаған жазбаша мәлімдемеде Сахел аймағының Сено уәлаяиында Эссакане ауылындағы шіркеуде жексенбілік ғибадат кезінде белгісіз қарулы адамдардың шабуыл жасағаны атап өтілді.

Мәлімдемеде шабуылда 15 адамның өліп, 2 адамның жараланғаны атап баяндалды.

2015 жылы Буркина-Фасода басталған қауіпсіздік дағдарысы салдарынан 2 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Үкімет мәліметтері бойынша, олардың тек 120 мыңы ғана үйлеріне орала алған.

Премьер-министр Аполлинер Йоахимсон Кайлем де Тамбела өткен жылы сөйлеген сөзінде ел аумағының 65 пайызының мемлекет бақылауында екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар