«Үлкен жетілік» елдері көшбасшыларынан Украинаға қолдау

«Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Бейнеконференциялық кездесу өткізді.

2107006
«Үлкен жетілік» елдері көшбасшыларынан Украинаға қолдау

АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада және Жапониядан тұратын «Үлкен жетілік» елдері көшбасшылары Украинаға қолдауларын "мықты" түрде қайталағандарын жариялады.

«Үлкен жетілік» елдерінің көшбасшылары Ресей-Украина соғысының 2 жылдығына орай бейнеконференциялық кездесу өткізді.

Бейнеконференциядан кейін жасалған бірлескен мәлімдемеде «Үлкен жетілік елдерінің көшбасшылары ретінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен Украинаны тағы бір рет қолдайтынымызды растау және Украинаның бостандығы мен демократиялық болашағы үшін аянбай күресіп жатқан украиндықтардың батылдығы және төзімділігіне құрмет көрсету мақсатты бас қостық» делінді.

Ресейдің «БҰҰ жарғысын айқын бұза отырып, ауқымды басқыншылық жасағаны» атап көрсетілген мәлімдемеде «Украина Путиннің соғыс машинасын жеңу және Украинаның егемендігі, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғауға деген ерік-жігерін дәлелдеді. Президент Владимир Путин Украинаны өзіне бағындыру жөніндегі стратегиялық мақсатына жете алмады. Ресейдің ресурстарын соғысты қаржыландыруға жұмсап, жүз мыңдаған ресейліктің де қаза тауына себеп болды» делінді.

Мәлімдемеде «Ресейді шабуылдаушы соғысын дереу тоқтатуға және әскери күштерін халықаралық салада толық танынған Украина топырағынан сөзсіз шығаруға шақырамыз. Өткен және болашақтағы сайлаударды ешқашан мойындамаймыз. Ресейдің бейбіт тұрғындар және маңызды азаматтық инфрақұрылымға қарсы жалғасқан аяусыз шабуылдары мен ресейлік күштердің Украинада жасаған жыныстық зорлық-зомбылыққа қоса, әскери қылмыстарын қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Ресейдің ядролық тақырыптардағы риторикасы мен «қорқыту» ұстанымының «қабылданбайтыны» да атап көрсетілген мәлімдемеде Ресейге қарсы санкцияларды толықтай жүзеге асыру және қажет болған жағдайда жаңа шаралар қабылдаудағы табандылықтың жалғасқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар