Эйфель қызметкерлері ереуілде

Эйфель мұнарасы қызметкерлері екі күннен бері ереуілде.

2105173
Эйфель қызметкерлері ереуілде
eyfel kulesi.jpg
eyfel kulesi-grev.jpg

Францияның бас қаласы Париждің ең маңызды символдарының бірі Эйфель мұнарасы қызметкерлердің ереуілге кетуіне байланысты жабылып қалды.

Жұмысшы кәсіподақтарының шақыруымен Эйфель мұнарасы қызметкерлері екі күннен бері ереуілде.

Мұнараға шығу мақсатымен Парижге барған туристер тек мұнараның алдында суретке түсіп қана қойды.

Жергілікті баспасөздегі хабарларға қарағанда, ереуілге шыққандар Париж муниципалитетінің мұнараны басқаратын компаниядан талап еткен кіріс үлесі көп деп есептейді. Мұнара қызметкерлері мүше болып табылатын Жалпы еңбек кәсіподағы CGT өкілі Стефен Дию мұнараның билетінен түсетін кірісті жаңалау жұмыстары, компания шығындары және Париж муниципалитетіне кіріс үлесін төлеу үшін қолданғандарын айтты. Ол алдынғы жылдары муниципалитетке жылына 8 миллион евро төленсе,  қазір осы көрсеткіш 16 миллионға жеткенін білдірді. Муниципалитеттің осы кіріс үлесін 50 миллион евроға көтеруді қалайтынын айтқан Дию коронавирус індеті кезіндегі мұнара жабық болғандықтан қазір 100 миллион евро қарыздары бар екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар