Дюссельдорф қаласында шыққанг өртте 3 адам қаза тапты

Өртте екеуі ауыр күйде 16 адамның жарақат алғаны білдірілді.

2140451
Дюссельдорф қаласында шыққанг өртте 3 адам қаза тапты

Германияның Дюссельдорф қаласында бір ғимаратта шыққан өртте 3 адам қаза тауып, екеуі ауыр күйде 16 адам жарақат алды.

Дюссельдорф Өрт сөндіру қызметі баспасөзі жасаған мәлімдемеде жергілікті уақыт бойынша сағат 02.25-те Лихт көшесіндегі бір ғимараттың кіріс қабатындағы бір дүкенде шыққан өртке өрт сөндірушілердің дереу жұмылдырылғаны, жарылыс нәтижесінде жоғарғы қабаттар мен ғимаратқа жалынның тарап кеткені білдірілді.

Ғимарат алдындағы көліктердің де өртенгені атап көрсетілген мәлімдемеде ғимараттың эвакуацияланғаны, бірақ өртте 3 адамның қаза тауып, екеуі ауыр күйде 16 адамның жарақат алғаны атап көрсетілді.

Полиция қызметкерлері қаза тапқандардың кім екені туралы мәлімет бермеді, өрттің шығу себебінің анықталып жатқаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар