Төрт ел Газадағы атысты тоқтатуды талқылады

Мысыр, Катар, АҚШ және Израиль Газа секторындағы атысты тоқтату үшін бас қосты.

2101932
Төрт ел Газадағы атысты тоқтатуды талқылады

Мысырдың астанасы Каирде Катар, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Израильдің қатысуымен Израильдің шабуылдарына ұшыраған Газа секторында атысты тоқтату туралы төртжақты отырыс өтті.

Мысырдың жоғары бір лауазым иесі  «Каир әл-Ихбарийе» арнасына кездесу туралы ақпарат берді.

Мысыр, Катар, АҚШ және Израиль басшыларының қатысуымен төрт жақты отырыс өткізілгенін білдірген лауазым иесі Израиль түрмелеріндегі палестиналықтардың босатылуы үшін Газада ұсталған израильдік тұтқындардың босатылуы және аймақта атысты тоқтатудың талқыланғанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар