Газа Батыс Шериядан бөлінбейді

​​​​​​​Палестина президенті Махмұд Аббас «Газаны Батыс Шериядан бөлу жоспарына рұқсат бермейміз» деді.

2096161
Газа Батыс Шериядан бөлінбейді

Палестина президенті Махмұд Аббас Газа секторын Батыс Шериядан бөлу немесе бір бөлігін кесу жоспарына рұқсат бермейтіндерін айтты.

Палестина «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Рамалладағы Президенттік орталығында Фатх қозғалысы орталық  комитетінің мүшелерімен кездесуде Аббас Газа секторы мен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың баспасөзге жария еткен жоспарына қатысты соңғы өзгерістер туралы мәлімдеме жасады.

Махмұд Аббас «Газаны Батыс Шериядан бөлу жоспарына рұқсат бермейміз» деді.

Аббас «Біздің ұстанымымыз анық. Біздің талаптарымыз  тез арада атысты тоқтату және  израильдік оккупация күштерін Газа секторынан толығымен шығару болып табылады. Газа секторына гуманитарлық көмектің кіруін жеделдетуі үшін жұмыс істейміз. Сондай-ақ кез келген палестиналықты өз жерінен шығаруға жол бермейміз. 1948 жылы Палестина халқының басына түскен Накбаның  қайталануына рұқсат бермейміз. Біз әлі күнге дейін оның үлкен зардаптарынан зардап шегеміз» деді.

Аббас Шығыс Иерусалим, Батыс Шерия және Газадағы Палестина жерлерінің тұтастығына тоқталып, бұл жерлердің жауапкершілігінің Палестина мемлекетінде екенін және әкімшіліктің Газадағы балаларынан бас тартпайтынын түсіндірді.

Аббас Батыс Шерия мен Газадағылармен бір үзім нан мен жалақыны бөлісетіндерін айтты.

Аббас «Біз басқыншылардың Газаны басқа Палестина аумақтарынан бөлу немесе оның кез келген бөлігін кесіп тастау жоспарларына жол бермейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар