Иран кез келген елдің шабуылына тойтарыс береді

Иран өз аумағына, мүдделеріне немесе азаматтарына бағытталған кез келген шабуылға табанды түрде тойтарыс беретінін мәлімдеді.

2095719
Иран кез келген елдің шабуылына тойтарыс береді

Иранның «IRNA» ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) тұрақты өкілдігі Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) соңғы 2 күнде араағайындық арқылы Иранға әртүрлі хабарламалар жолдағаны туралы хабарға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Кез келген тарап Иран аумағына, мүдделеріне немесе азаматтарына шабуыл жасаған жағдайда табандылықпен тойтарыс береміз. Бұл Иранның басты саясаты болып табылады» делінде.

Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің мәлімдемесі АҚШ президенті Джо Байденнің Иранға қарасты ирактық топтардың Иордания-Сирия шекарасында АҚШ әскерлерін өлтірген ұшқышсыз әуе көлік шабуылына тойтарыс беретіні жайлы мәлімдемесінен кейін  жасалды.

Еске сала кетейік, 28 қаңтарда Иордания-Сирия шекарасындағы АҚШ әскери базасына камикадзе ұшқышсыз әуе көлігі арқылы  жасалған шабуылда 3 АҚШ сарбазы қаза тауып, 40-тан астамы жараланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар