"Иран Таяу Шығыста тұрақтылықты бұзып отыр"

Столтенберг Энтони Блинкенмен Вашингтонда баспасөз мәслихатын өткізді.

2095094
"Иран Таяу Шығыста тұрақтылықты бұзып отыр"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберо Иранның Таяу Шығыста тұрақтылықты бұзғанын айтты.

Столтенберг Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен Вашингтонда баспасөз мәслихатын өткізді. Ол «авторитарлық жүйелерге» қарсы демократиялық елдердің бірігуінің маңызын атап көрсетті.

Қауіпсіздіктің жаһандық мәселе екенін тілге тиек еткен Столтенберг Иранның «ел ішінде қысымшыл,  сыртта шабуылдаушы ұстанымы» бар екенін айтып,  «Иран тұрақтылық пен қауіпсіздікке мұқтаж Таяу Шығыстың тұрақсыздануына жауапты» деді.

Ол Иранның Қызыл теңізде кемелерге шабуылдап отырған хоуситтерге көмек бергеніне уайымдайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар