Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 26 мың 83-ке жетті

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 26 мың 83 палестиналық қаза тапты.

2094149
Газада қаза тапқан палестиналықтар саны 26 мың 83-ке жетті

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 26 мың 83 палестиналық қаза тапты. Оның ішінде кемінде 11 мың бала, 7 мың 500 әйел қаза тауып, 64 мың 487 адам жарақат алды.

Израиль күштерінің Газа секторына жасаған шабуылдарының 113-ші күнінде көбісі балалар мен әйелдерден тұратын ондаған адамның қаза тауып, жараланғаны хабарланды.

Палестина «WAFA» ресми агенттігінің  хабарына қарағанда Израиль ұшақтарының Газаның орталық бөліктеріндегі Дейр әл-Белах қаласындағы үйлерге жасаған шабуылында қаза тапқан және жараланған көптеген адам Ақса шейіттері ауруханасына жеткізілді.

Израиль армиясының Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласындағы үйлерді бомбалауы салдарынан көпшілігі балалар мен әйелдерден құралған 9 адам қаза тауып, кейбірі жарақат алды.

Израильдің Рафах қаласына қарасты Эль-Ценин төңірегіне жасалған шабуылда екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар