Қаза тапқан палестиналық саны артты

Газадағы 7 мың жаралы және науқасты аман алып қалу үшін сыртта емдеу қажет.

2093610
Қаза тапқан палестиналық саны артты

Израиль армиясының 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны соңғы аптада 1280 артып, 25 мың 900-ге жетті.

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған мәлімдемеде Израильдің Газа секторына 111 күн бұрын бастаған және қарқынды түрде жалғасқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.

7 қазаннан бері қоршаудағы Газа секторына жасалған шабуылдарда қаза тапқан палестиналық санының соңғы аптада 1280 артып 25 мың 900-ге, жаралы санының 64 мың 110-ға жеткені атап өтілді.

Мәлімдемеде медициналық көмектің әлі Газамен шектелгені және ауруханалардағы негізгі қажеттіліктердің қанағаттандырылмағаны атап көрсетілді. Сонымен бірге халықаралық ұйымдарға жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, операциялық бөлімше мен инкубаторлар, сондай-ақ онкологиялық және қан науқастарына қажетті дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін шақыру жасалды. Айрықша  Газадағы 7 мың жаралы және науқасты аман алып қалу үшін сыртта емдеу қажет екені де айтылды.



Ұқсас жаңалықтар