Путиннің Түркия сапарына дайындығы жалғасуда

Дмитрий Песков Мәскеуде өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.

2092356
Путиннің Түркия сапарына дайындығы жалғасуда

Ресей Президенттік сарайының (Кремль) баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Владимир Путиннің Түркия сапарына дайындық жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірді.

Песков бас қала Мәскеуде өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.

Путиннің Түркия сапарына дайындық үдерісінің жалғасып жатқанын білдірген Песков «Ресей мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар күн тәртібінде және дайындалуда. Екі басшы сапардың күні туралы келісімге келген соң хабарлаймыз» деді.

Екінші жақтан Ресей армиясының Украинаның бас қаласы Киев пен Харьков қаласына таңғы уақытта жасаған шабуылына назар аударған Песков мұның украин армиясының апта соңындағы Донецкте 28 адамның өліміне себеп болған шабуылға жауап болмағанын атап көрсетті.

Песков «Біз арнайы әскери операцияны жалғастырудамыз, бірақ Киев әкімшілігінің жасағандарына керісінше біздің армия әлеуметтік нысандар, бейбіт адамдар өмір сүрген аумақтарды атпайды. Бұл біздің армияны Киев әкімшілігінің армиясынан ерекшелейді» деді.

Ресей аннексиялаған Донецк қаласына апта соңында Украина жасаған шабуыл салдарынан 28 адам қаза тауып, кемінде 20 адам жараланған еді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі барлық жауапты үкіметтер мен халықаралық мекемелерді бұл шабуылды айыптауға шақырды.

Кремль де бұл шабуылды айыптап, «жан түршігерлік лаңкестік әрекет» деп айыптаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар