Хамас "Акса топаны" есебін дайындады

«Ақса топанын неге жасадық?» тақырыпты есеп 16 беттен тұрады.

2091687
Хамас "Акса топаны" есебін дайындады

Палестина Азаттық қозғалысы «Хамас» 7 қазан күні жасаған «Ақса топаны» деп аталатын шабуылымен байланысты бір есебін жариялады.

«Ақса топанын неге жасадық?» тақырыпты 16 беттен тұратын есепте 7 қазан күні болған оқиғаны, операцияның не үшін жасалғаны және оның Палестина мәселесімен байланысы қамтылады.

Израиль алға тартқан қауесеттерді жоққа шығару және шындықты ашу мақсатында дайындалғаны білдірілген есепте «Ақса топанының Израильдің Палестинаны жою, жерлерін басып алу, иудаизациялау және Әл-Ақса мешіті мен қасиетті орындары үстінде толық үстемдік орнату жоспарларына қарсы жасалған қажетті бір қадам және табиғи наразылық екені» атап көрсетілді.

Есепте «Ақса топанының» сондай-ақ Газа секторындағы басқыншылықты жоюға қоса, қоршаудан құтылу, ұлттық құқықтарын қайта қалпына келтіру, тәуелсіздік пен өз тағдырын анықтау және бас қаласы Иерусалим болатын Палестина мемлекетін құру жолында басылған табиғи бір қадам екені» атап көрсетілді.

Құрылған күннен бері Хамастың бейбіт тұрғындарды нысанаға алудан аулақ болғаны тілге тиек етілген есепте «Ақса топаны операциясы кезінде Израильдің қауіпсіздік және әскери жүйесінің толық және жылдам күйреуі салдарынан Газа секторы мен операция аймақтарын бөліп тұрған сым қоршаудың бұзылуынан хаос орын алған болуы мүмкін» делінді.

Хамастың «Ақса топаны» кезінде Израиль азаматтарын нысанаға алғаны туралы айыптауларға да тоқталған есепте «Бейбіт тұрғындарды, әсіресе әйелдер, балалар мен қарттарды нысанаға алудан аулақ болу Хамас мүшелерінің моральдық және діни тәрбиесінің талабы» деп баса айтылды.

Есепте «Қассам мүшелерінің 7 қазан күні бейбіт тұрғындарды нысанаға алғаны туралы мәлімдеме толығымен жала және өтірік» делінді.

Есепте азаттық күштерінің Палестина халқына қарсы қару ұстанған және Израиль әскерлеріне қарсы қару ұстағанын бұрын да талай рет айтылғаны еске салынды.



Ұқсас жаңалықтар