АҚШ  Сомалидің аумақтық тұтастығына қолдау білдірді

АҚШ мәлімдемесінде «АҚШ Сомалидің егемендігін, бірлігін және аумақтық тұтастығын мойындайды» деді.

2091099
АҚШ  Сомалидің аумақтық тұтастығына қолдау білдірді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сомалиден біржақты тәуелсіздігін жариялаған Сомалиленд пен Эфиопия арасында қол қойылған түсіністік меморандумынан кейін Сомалидің аумақтық тұтастығына қолдау білдірді.

Могадишодағы АҚШ елшілігінің «X» әлеуметтік желідегі аккаунтында жарияланған жазбада «АҚШ Сомалидің егемендігін, бірлігін және аумақтық тұтастығын мойындайды» деді. 

Мәлімдемеде тараптарды «Аш-Шабабтың» ықпал аясын кеңейту мүмкіндігін тудыратын асығыс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

1991 жылы Сомалиден біржақты тәуелсіздігін жариялаған Сомалиланд 1 қаңтарда қол қойылған өзара түсіністік меморандумымен Эфиопияға жағалауларын коммерциялық және әскери мақсатта пайдалануға рұқсат берген еді.



Ұқсас жаңалықтар