Газа секторында 2,2 миллион адамға ашаршылық төніп тұр

378 мың адамның «апат» деп сипатталатын бесінші деңгейде ашықтыққа душар екені айтылды.

2089621
Газа секторында 2,2 миллион адамға ашаршылық төніп тұр

7 қазан күнінен бері Израильдің бомбалауы астындағы Газа секторында 2,2 миллион адамға ашаршылық төніп тұр.

БҰҰ Гуманитарлық істер координация кеңсесі (OCHA) Газада қазіргі азық-түлік тапшылығына байланысты дағдарыс туралы хабарлама жариялады.

Газада 2,2 миллион адамның ашаршылықпен бетпе-бет екені назар аударылған хабарламада 378 мың адамның «апат» деп сипатталатын бесінші деңгейде ашықтыққа душар екені айтылды. Ал 939 мың адам «төтенше жағдай» деп аталатын төртінші деңгейде аштықта.

Израиль шабуылдары салдарынан аймақта 1 миллион 900 мың адам үйлерін тастап кетті.  Олардың көбі шатырлардан құрастырылған лагерьлерде тұрып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар