Ирак үкіметі Ирандағы елшісін елге шақыртуға шешім қабылдады

Ирак Сыртқы істер министрлігі Эрбильдегі шабуылдың артынан мәлімдеме жасады.

2089406
Ирак үкіметі Ирандағы елшісін елге шақыртуға шешім қабылдады

Ирак үкіметі Иранның Эрбилге шабуылынан кейін Ирактың Ирандағы өкілетті елшісін елге шақырту туралы шешім қабылдады.

Ирак Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Иранның Эрбильде бейбіт тұрғындардың өліміне себеп болған шабуылына қатысты Иранның Ирактағы елшісі Насыр Абдулмухсинді кеңесу үшін министрлікке шақырылды.

Министрлік Иранның Бағдаттағы уақытша сенімді өкіліне де наразылық нотасын берді.

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі қауіпсіздік кеңесі Иран төңкеріс сарбаздары армиясының кеше түнде көптеген баллистикалық зымырандармен Эрбильдегі көптеген бейбіт аймаққа жасаған шабуылдарында 4 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 6 бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар