Ирандағы адам шығыны 84 деп түзетілді

Ішкі істер министрі Ахмед Вахиди мәлімдеме жасады.

2084347
Ирандағы адам шығыны 84 деп түзетілді

Иранның Кирман қаласындағы Касым Сүлейманидің қабірі маңындағы жолда кеше болған екі бөлек жарылыста қаза тапқандар саны 84 деп түзетілді.

Иранның «IRNA» ақпарат агенттігіне қарағанда лаңкестік әрекеттен кейін Кирманға барған Ішкі істер министрі Ахмед Вахиди оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

Алғашында 103 деп жарияланған, кейін 95 деп түзетілген жарылыста қаза болғандар санына сілтеме жасаған Вахиди сот-медициналық деректер бойынша қаза тапқандар санының 84 екенін білдірді.

Жарылыстарда 284 адамның жараланғанын білдірген Вахиди ауруханалардағы жаралы санының кейбір науқастардың емделіп шығуымен 220-ға азайғанын мәлімдеді.

Иран Төтенше жағдайлар басқармасы төрағасы Кафер Миадфер алдында 95 деп көрсетілген адам шығынының 84-ке шегерілуі туралы түзетудің кейбір мәйіттердің бөлшектенген ағзаларымен байланысты екенін жариялады.

Төңкеріс сарбаздары армиясына қарасты «Құдс» әскери күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Касым Сүлейманидің 2020 жылдың қаңтар айында Ирактың бас қаласы Бағдатта АҚШ шабуылында өлтірілуінің 4 жылдығына орай еске алу рәсімі өткен зиратта екі бөлек жарылыс болған еді.

Екінші жағынан Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахян лаңкестік шабуылдар туралы Біріккен Ұлттар Ұйымында (БҰҰ) заңды және саяси бастамалар көтеретіндерін жариялады.

Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болса БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін шабуылды айыптауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар