АҚШ-тың Ирандағы шабуылдарға қатысты мәлімдемесі

АҚШ Сыртқы істер министрлігі Ирандағы шабуылдарға "АҚШ-тың қатысы бар" деген айыптауды жоққа шығарды.

2084123
АҚШ-тың Ирандағы шабуылдарға қатысты мәлімдемесі

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әкімшілігі Иранның Кирман қаласында 95 адам қаза тауып, 211 адам жараланған шабуылдарға "АҚШ-тың қатысы бар" деген айыптауды жоққа шығарды.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Мэттью Миллер күнделікті баспасөз брифингінде тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап қайтарды. Миллер «АҚШ-тың ешқандай бұл шабуылға қатысы жоқ, керісінше алға тартылған мәлімдемелер күлкілі. Екіншіден Израильдің бұл жарылыстарға қатысы бар деуге негіз жоқ» деді.

Баспасөз хатшысы Миллер шабуылдарда қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Иранның Кирман қаласында Төңкеріс сарбаздары армиясына қарасты «Құдс» әскери күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Касым Сүлейманидің қабірі орналасқан зират жанындағы жолға жасалған екі бөлек жарылыста 95 адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар