АҚШ: «Байденнің Түркияға F-16 сатылымына қолдауы жалғасуда»

АҚШ Сыртқы істер министрлігі ТҰҰМ-нің Швеция шешімі туралы мәлімдеме жасады.

2081315
АҚШ: «Байденнің Түркияға F-16 сатылымына қолдауы жалғасуда»

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әкімшілігі Швецияның НАТО мүшелігіне қатысты ұсыныстың Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) Сыртқы істер комиссиясының қабылдауын құптап, АҚШ президенті Джо Байденнің Түркияға F-16 әскери ұшағын сатуға ашық қолдауының жалғасып жатқанын білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі Швецияның НАТО мүшелігіне қатысты Түркияның соңғы қадамын үлкен қуанышпен қарсы алғандарын атап көрсетті.

Министрлік мәлімдемесінде «Президент Байден НАТО-ның операциялық қабілетін арттыратын Түркияның F-16 флотын модернизациялауды ұзақ уақыт бойы ашық қолдап келеді» делінген.

Министрлік мәлімдемесінде «Президент Байден ұзақ уақыттан бері Түркияның F-16 флотын модернизациялауды ашық қолдап келеді, бұл жағдай НАТО-ның операциялық қабілетін жетілдіреді» делінген.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы істер комиссиясында Швецияның НАТО мүшелігіне қатысты ұсыныстың қабылдануын құптағандарын атап көрсеткен АҚШ Сыртқы істер министрлігі Анкараға F-16 сатылымына байланысты Конгресске ресми хабарлама жасалмайынша мұндай шетелдік қару сату процестеріне қатысты мәлімдеме жасай алмайтындарын білдірді.

Кеше «НАТО-ға Швецияның қосылу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы заң жобасы» Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы істер комиссиясында қабылданған еді.



Ұқсас жаңалықтар