Мексикада 12 адам қаза тапты

Мексикада Рождество мерекесі болудан бір күн бұрын кешке жасалған шабуылдан кем дегенде 12 адам қаза тапты.

2077583
Мексикада 12 адам қаза тапты

Мексиканың орталық Гуанахуато штатында жексенбі күні Посадас деп аталатын мерекелік шараға қарулы адамдар шабуыл жасады. Шабуылда кем дегенде 12 адамды өлтіріп, көптеген адамдарды жаралады.

Мемлекеттік бас прокуратураның «X» платформасында жасаған мәлімдемесінде кем дегенде 12 адам қаза тауып, жараланғандар емделуге ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Кешке қатысушылардың бірінің мәлімдемесіне қарағанда, шара өтетін жерге ұзын ұңғылы қарулары бар алты адам кіріп, 100-ге жуық адаммен араласып кеткен. Куәгер сондай-ақ: деді. «Олардың бұл мерекеге шақырылмағанын баяқап, біз олардың кім екенін сұрадық. Сол кезде олар жан-жаққа оқ жаудырды» деді.



Ұқсас жаңалықтар