Ресей Украинаға шабуылдады

Киевке жасаған зымырандық шабуылында 6 бала, барлығы 51 адам жарақат алды.

2076071
Ресей Украинаға шабуылдады

Ресейдің Украинаның бас қаласы Киевке жасаған зымырандық шабуылында 6 бала, барлығы 51 адам жарақат алды.

Украина Әскери-әуе күштері қолбасшылығынан жасалған мәлімдемеде Ресей армиясының түнгі уақытта пилотсыз әуе көліктері және баллистикалық зымырандармен Украинаға шабуыл жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде Одесса аймағында «Шахед» деп аталатын 10 пилотсыз әуе көлігін атып түсірілгені айтылды.

Киев қалалық әскери басқармасы басшысы Сергей Попко да әлеуметтік желідегі аккаунтынан ресейлік зымырандардың атып түсірілгені туралы мәлімдеді.

Попко зымыран сынықтары қаланың бірнеше жерінде құлауы салдарынан 6 бала 51 адам жарақат алғанын, үйлердің, пәтерлердің және көліктердің зақымданғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар