Остин мен Умеров кездесті
Остин мен Умеров Пентагонда кездесті.
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украина Қорғаныс министрі Рүстем Умеровпен кездесуінде елінің Украинаны қолдайтынын қайталады.
АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) жасаған мәлімдемеге қарағанда Остин мен Умеров Пентагонда кездесті.
Кездесу барысында Остин Украинаның қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жұмсалып жатқан күш-жігерді түсіндірді, өз елінің қолдауын қайталады.
Сондай-ақ олар АҚШ-тың Украинаға негізінен әуе қорғанысы мен артиллериялық оқ-дәрілерден тұратын 175 миллион долларлық жаңа қосымша әскери көмек пакетін жариялауын талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
Си Цзиньпин Ресей президенті Путинмен кездесті
Си Цзиньпин ел астанасы Бейжіңде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.
Кипрлік понтилер мешітке шабуыл жасады
СКТР Сыртқы істер министрлігі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.