Лавров пен Мирзоян кездесті

Ресей мен Арменияның қарым-қатынасы және халықаралық платформалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

2071087
Лавров пен Мирзоян кездесті

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян кездесуінде түрлі деңгейдегі байланыстарды жалғастыру қажеттігі атап көрсетілді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Лавров пен Мирзоян Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) 30-шы министрлер кеңесі отырысы аясында кездесті.

Қысқа кездесуде Ресей мен Арменияның қарым-қатынасы және халықаралық платформалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Аймақтық мәселелер де қолға алынған кездесуде ресейлік тарап Ресей, Әзербайжан және Армения басшылары қол қойған келісімдер негізінде Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту үдерісіне қолдау көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте айтты.

Кездесу барысында түрлі деңгейдегі байланыстарды сақтау қажеттігіне баса назар аударылды.

Лавров Венгрияның Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийяртомен де кездесті. Кездесу барысында Ресей мен Венгрияның ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланып, екі ел қол қойған келісімдердің орындалу барысы қолға алынды.  Сонымен бірге  ЕҚЫҰ қызметі мен өзекті халықаралық мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай туралы пікір алмасылды.



Ұқсас жаңалықтар