Польшада 2022 жылы 1,8 миллион адам өте кедейлікте екені білдірілді

Есепте елде 1,8 миллион адам өте кедейлікте өмір сүретіні және бұл ел халқының шамамен 5 пайызын құрайтыны айтылған.

2070126
Польшада 2022 жылы 1,8 миллион адам өте кедейлікте екені білдірілді

«Szlachetna Paczka» тәуелсіз зерттеу орталығы Польша Статистика басқармасының  2022 деректері негізінде дайындаған есебін жариялады.

Есепте елде 1,8 миллион адам өте кедейлікте өмір сүретіні және бұл ел халқының шамамен 5 пайызын құрайтыны айтылған.

Есепте өте кедейлікте өмір сүргендердің 400 мыңының бала, 300 мыңының зейнеткер екені айтылды.

Есепте халықтың шамамен 12 пайызы (4,5 миллион адам) салыстырмалы түрде кедейлікте өмір сүріп, қиын жағдайларда күнкөріске қол жеткізе алатынына назар аударылып, поляктардың 3 пайызы азық-түлік пен күнделікті гигиеналық материалдар сияқты негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтыны түсіндірілді.

Есепте өте кедейлікте жалғыз тұратын жеке адам үшін орта есеппен 753 поляк злоты (5 мың 522 лира) және отбасы мүшелерімен бірге тұратын бір адам үшін айына орта есеппен 670 злоты (4 мың 913 лира) өмір сүру мәжбүр екені  анықтылды.

Польшада 2022 жылы азық-түлік бағасы 22 пайызға, ал тұрғын үй жалдау ақысы 20 пайыздан астамға өсті.



Ұқсас жаңалықтар