Столтенберг терроризммен күрес жайлы мәлімдеме жасады

Йенс Столтенберг Түркияның терроризмге байланысты заңды қауіпсіздік алаңдаушылығының бар екенін ұмытпау керектігін айтты.

2069945
Столтенберг терроризммен күрес жайлы мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның терроризмге байланысты заңды қауіпсіздік алаңдаушылығының бар екенін ұмытпау керектігін айтты.

Йенс Столтенберг НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысы алдында НАТО штаб-пәтерінде журналистерге мәлімдеме жасады.

«Мен осы кездесуге дейін Швецияның НАТО-ға толыққанды мүшелігіне үміттендім» деген Столтенберг президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне (TҰҰM) бекіту үшін қажетті құжаттарды ұсынғанын еске салып, ТҰҰМ-нің мүмкіндігінше тезірек мақұлдауын күтетіндерін білдірді.

Столтенберг Швецияның НАТО-ға мүше болуының барлығы үшін жақсы болатынын айтып: «Сонымен қатар біз Түркияның терроризм тақырыбында, террористтік қаупімен күресте НАТО одақтастарымен шынайы жақынырақ жұмыс істеуге қатысты заңды қауіпсіздік алаңдаушылықтары бар екенін есте ұстауымыз керек. Ешбір одақтас Түркиядан артық террорлық шабуылдардан зардап шекпеді. Сондықтан мен мұны терроризммен күрес процесінің бөлігі ретінде құптаймын» деді.

Йенс Столтенберг Түркияның лаңкестікпен күреске қатысты шынайы және заңды алаңдаушылықтары бар екенін қайталады.

 



Ұқсас жаңалықтар