Джо Байден екі мемлекеттік шешімнің маңызды екенін айтты

Джо Байден: «Екі мемлекеттік шешім әрі Израиль, әрі Палестина халқының ұзақ мерзімді қауіпсіздігіне кепілдік беретін жалғыз жол» деді.

2069030
Джо Байден екі мемлекеттік шешімнің маңызды екенін айтты

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден: «Екі мемлекеттік шешім әрі Израиль, әрі Палестина халқының ұзақ мерзімді қауіпсіздігіне кепілдік беретін жалғыз жол» деді.

Джо Байден әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Байден мәлімдемесінде «Екі мемлекетті шешім әрі Израиль, әрі Палестина халқының ұзақ мерзімді қауіпсіздігіне кепілдік беретін жалғыз жол. Біз израильдіктер мен палестиналықтардың еркіндік пен абыройда тең өмір сүруін қамтамасыз ету үшін осы мақсатқа жету жолындағы жұмысты тоқтатпаймыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар