Газада зұлымдықты тоқтату үшін одан да көп нәрсе жасауға шақырды

АҚШ және Индонезия президенттері бас қосты.

2064207
Газада зұлымдықты тоқтату үшін одан да көп нәрсе жасауға шақырды

Индонезия президенті Жоко Видодо Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденмен кездесіп,  Газада зұлымдықты тоқтату үшін одан да көп нәрсе жасауға шақырды.

АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда бас қосқан Байден мен Видодо екі жақты кездесуден бұрын журналистерге мәлімдеме жасады.  Байден екі ел қарым-қатынастарына тоқталды және стратегиялық серіктестік деңгейіне көтергендерін білдірді. 

Видодо болса екі ел қатынастарының маңызын атап көрсетіп, «Индонезия АҚШ-пен серіктестігіміздің аймақтық және жаһандық бейбітшілікке үлес қосуын күтеді.  Сондықтан Индонезия АҚШ-ты Газадағы зұлымдықты тоқтату үшін көп нәрсе жасауға шақырады.  Адам баласы үшін атысты тоқтату – міндетті» деді.

Байден мен Видодо кездесуден кейін ортақ жазбаша мәлімдеме жариялады. Мәлімдемеде Индонезия мен АҚШ қатынастарының «кең көлемді стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтерілгені айтылды.

Осы серіктестік шеңберінде инновация, тұрақты даму,  қоғамдық медицина, цифрлық бетбұрыс және таза энергия салаларында ынтымақтастық жасалатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар