«Этна» жанартауы қайтадан күл мен лава атқылай бастады

Сицилия аралында биіктігі шамамен 3 300 метрлік Этна тауы кеше күл мен лава атқылай бастады.

2063757
«Этна» жанартауы қайтадан күл мен лава атқылай бастады

Италияның оңтүстігіндегі «Этна» жанартауы күл мен лава атқылай бастады.

Сицилия аралында биіктігі шамамен 3 300 метрлік Этна тауы кеше күл мен лава атқылай бастады.

Италия Ұлттық геофизика және вулканология институтының Катания филиалы жасаған мәлімдемеде Этнаның оңтүстік шығысындағы кратерден күшті лава ағыны болғаны және жанартау шашқан күлдің шамамен 4500 метр биіктікке жеткені атап көрсетілді.

Италия баспасөзінде орын алған жаңалықтарда Этна жанартауындағы лава ағынының бірнеше шақырым алыстан көрінгенін және жанартаудағы вулкандық әрекеттілік себепті аймақтан өткен ұшақтар үшін де «қызыл код» ескертуі жасалғаны білдірілді.

Этна шығарған күлдің салдарынан көптеген Зафферана сияқты жанартаудың айналасындағы көптеген елді мекендерде көшелер мен көліктердің күлмен қапталғаны хабарланды.

Этна - континенттік Еуропаның ең биік белсенді жанартауы болу ерекшелігіне ие.



Ұқсас жаңалықтар