Сергей Шойгу АҚШ-ты сынға алды

Сергей Шойгу сонымен бірге АҚШ-тың Қытай мен Ресейді тежеу ​​үшін Жапония және Оңтүстік Кореямен зымыран ұшыру туралы мәліметтерді бөліскенін айтты.

2057675
Сергей Шойгу АҚШ-ты сынға алды

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу батыстың Украина соғысын Азия-Тыных мұхиты аймағына таратуды қалайтынын айтты.

Қытай астанасы Бейжіңде Сяньшань әскери форумы өтті.

Форумда сөз сөйлеген Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу батыс елдеріне наразылық көрсетті.

Батысты «Украина соғысын Азия-Тыных мұхиты аймағына таратқысы келеді» деп айыптаған Ресей министрі аймақта НАТО ұйымдастырған әскери жаттығулардың жиілігі мен көлемінің артқанын мәлімдеді.

Шойгу батыстың Азия-Тыных мұхиты аймағында қарулану жарысында екенін білдірді.

Сергей Шойгу сонымен бірге АҚШ-тың Қытай мен Ресейді тежеу ​​үшін Жапония және Оңтүстік Кореямен зымыран ұшыру туралы мәліметтерді бөліскенін айтты.

Ресей министрі Вашингтонның климаттық дағдарыс пен табиғи апаттарды гуманитарлық араласу үшін сылтау ретінде пайдаланып жатқанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар