Хамас Палестина әкімшілігіне наразы

Хамас Халықаралық байланыстар кеңсесінің басшысы Мұса Әбу Мерзук Палестина әкімшілігінің көрсеткен тұғырынан ұялып отырғандарын айтты.

2057855
Хамас  Палестина әкімшілігіне наразы

Хамас Халықаралық байланыстар кеңсесінің басшысы Мұса Әбу Мерзук Хизболладан көп нәрсе күткендерін және Палестина әкімшілігінің көзқарасына таң қалғандарын айтты.

Әбу Мерзук Катарда жарияланған "Al Jazeera" телеарнасына мәлімдеме жасады.

Әбу Мерзук: "Біз Хизболладан және Батыс Шериядағы бауырларымыздан көп нәрсе күттік. Махмут Аббас лидер болған Палестина әкімшілігіндегі бауырларымыздың көрсеткен тұғырынан ұялдық" деді. 

Палестина әкімшілігінің кейбір лауазымды тұлғалары арасында жақсы көзқарастардың болғанын, алайда қалған дауыстардың көп нәрсені пайымдағанын айтқан Әбу Мерзук: "Көптеген шетелдік бізге Палестина әкімшілігі мүшелері мен кейбір араб елдерінің батысты «Хамасты жоюға» жасырын түрде шақырып жатқаны туралы хабарлады» деп көрсетті.

Хамастың әскери қанаты әл-Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса тасқыны» деп аталатын жан-жақты шабуыл жасаған болатын.

Бұған жауап ретінде Израиль армиясы соғыс ұшақтарымен Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастады.



Ұқсас жаңалықтар