Үлкен-8 елдері Газаға жәрдемге шақырды

Даккада өткен Үлкен-8 елдері 47-ші отырысынан кейін жасалған ортақ мәлімдемесінде Газада гуманитарлық көмек дәлізін ашуға шақылды.

2056814
Үлкен-8 елдері Газаға жәрдемге шақырды

Үлкен-8 елдері «Түркия, Индонезия, Иран, Мысыр, Пәкістан, Малайзия, Нигерия және Бангладеш» Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы Газа секторындағы «адамзатқа қарсы қылмыс пен зорлық-зомбылықты» тоқтатуды талап етті.

Бангладештің астанасы Даккада өткен Үлкен-8 елдері 47-ші отырысынан кейін жасалған ортақ мәлімдемеде Газа секторындағы адам құқықтарының бұзылуына алаңдап отырғандары және Израиль армиясының Палестинаға, Палестина азаматтарына  "зұлымдық" жасап жатқаны атап көрсетілді.

Ортақ мәлімдемеде Газада гуманитарлық көмек дәлізін ашу және Газа секторындағы «адамзатқа қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылық әрекеттерін» тоқтатуға шақыру тасталды.

Мәлімдемеде: «Біз барлық мүше мемлекеттерді БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігі сияқты аталмыш тақырыппен айналысатын халықаралық агенттіктермен ынтымақтастықт жасай отырып, гуманитарлық көмек көрсетуге шақырамыз» деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар