Армения Ресейге нота берді

Бұл нота Арменияның жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты айтылған сөздерге байланысты берілген.

2056533
Армения Ресейге нота берді

Армения Ресейге нота берді.

Армения Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл нота ресейлік «1 арнада» (Первый канал) Арменияның жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты «кемсітетін және қабылданбайтын әңгімелер» айтылған бағдарламаға байланысты берілген.

23 қазанда Ресейдің «1 арнасында» «Никол Пашинян: апат хабаршысы» деген атпен саяси мазмұнды бағдарлама көрсетілді. Бағдарламада Қарабахтағы жағдай аясында Армения премьер-министрі Никол Пашиняин мен оның әйелі Анна Акопянға сын айтылды.

Бұдан бұрын Баку әкімшілігі 19 қыркүйекте конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін Қарабахта антитеррорлық операция бастаған еді. 20 қыркүйекте Әзербайжан операцияның тоқтатылғанын хабарлады. Атысты тоқтату келісімінде Қарабахтағы сепаратистік қарулы топтардың қаруларын тастап, тарауы, армян сарбаздарының аймақтан кетуі қарастырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар