Байден мен Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті

Ақ Үйден жасалған мәлімдемеге қарағанда, Байден мен Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті.

2056155
Байден мен Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті

АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен кезде Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды қорғаудың маңыздылығына назар аударды.

Ақ Үйден жасалған мәлімдемеге қарағанда, Байден мен Нетаньяху телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Газадағы соңғы оқиғалар және «Хамастың» тұтқындары арасындағы АҚШ азаматтары бар кепілге алынғандарды босату мәселесі талқыланды.

Байден мен Нетаньяху Газа секторынан тезірек кеткісі келетін шетелдік азаматтардың олардың мүмкіндігінше тезірек қауіпсіз шығуын талқылады.

АҚШ президенті Байден Газаға гуманитарлық көмек ағыныны мен ондағы бейбіт тұрғындардың қорғалуының маңыздылығына тоқталды.

Израильдің өз азаматтарын лаңкестіктен қорғауға толық құқығы мен жауапкершілігі бар екенін және мұны халықаралық құқық шеңберінде жасауы керектігін айтқан Байден сондай-ақ осы дағдарыстан кейінгі келесі қадам израильдіктер мен палестиналықтар арасындағы тұрақты бейбітшілікке жол табу керектігін атап көрсетті.

Екі көшбасшы үнемі байланыста болуға келісті.

Екінші жағынан АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) жасаған мәлімдемеге қарағанда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Израильдік әріптесі Йоав Галлант телефон арқылы сөйлесті.

Аймақтағы соңғы оқиғаларды талқылаған министрлер Газадағы бейбіт тұрғындарды қорғау мәселесін де талқылады.



Ұқсас жаңалықтар