Байден «соғыс ережелері» сұрағына үнсіз қалды

АҚШ президенті «Израиль соғыс ережелеріне сәйкес қозғала ма?» деген сұрақты жауапсыз қалдырды.

2053091
Байден «соғыс ережелері» сұрағына үнсіз қалды

АҚШ президенті Джо Байден «Израиль соғыс ережелеріне сәйкес қозғала ма?» деген сұрақты жауапсыз қалдырды.

Израиль сапарынан қайтып келе жатқан ұшақта баспасөзге мәлімдеме жасаған Байден «Сізше Израиль соғыс ережелеріне сәйкес қозғала ма?» деген сұраққа жауап қайтармады.

Байден сұраққа жауап берудің орнына баспасөз өкілдерімен кездесуді «сізбен сөйлескенім жақсы болды» деп аяқтады.

АҚШ президенті бұған дейін Израиль баспасөзінде жарық көрген АҚШ әкімшілігі лауазымдыларының "Хизбуллах" қозғалысы Израильге қарсы соғыс бастаған жағдайда, АҚШ армиясының Израиль армиясына қолдау көрсететіні туралы хабарларды жоққа шығарды.

Израильдің Газаға бағытталған ықтимал құрлық операциясын тоқтату мүмкіндігіне қатысты Байден Израиль мен АҚШ әскери лауазымдыларының балама нұсқалардың қандай болуы мүмкін екенін талқылап жатқанын айтты.

Байден сонымен қатар Газадағы АҚШ азаматтарын эвакуациялау жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Израильден оралғанда Мысыр президенті Абдүлфеттах эс-Сисимен телефон арқылы сөйлескен Байден Сисидің Газаға баратын шамамен 20 жүк көлігі үшін шекараны ашуға келіскенін атап көрсетті.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын ауқымды бір шабуыл жасағанын хабарлаған еді. Газадан Израильге қарай мыңдаған зымыранмен шабуылдаған қарулы топтар аймақтағы елді мекендерге басып кірген болатын.

Израиль армиясы болса әскери ұшақтармен Газа секторына бағытталған «Темір қылыштар» операциясын бастағанын жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар