Хамас басшысынан Араб лигасы елдеріне шақыру

Ханиййе Араб лигасының бас хатшысы мен араб мемлекеттерінің басшыларына шақыру жасады.

2049240
Хамас басшысынан Араб лигасы елдеріне шақыру

Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханиййе Араб лигасы мен араб елдерінің басшыларын «Палестина халқының құқығын қолдауға» шақырған хабарлама жолдады.

Хамас жасаған мәлімдемеге қарағанда Ханиййе Араб лигасының бас хатшысы Ахмед Әбу Гайт және араб елдерінің басшыларына хабарлама жолдады.

Хамас саяси бюросының басшысы өз жолдауында «Біз араб елдерін халқымыздың басқыншылыққа қарсы шығу құқығын, еркіндік пен тәуелсіздік құқығын қорғайтын шешімдер қабылдауға және Газа секторындағы халқымызды қолдау үшін бюджет бөлуге шақырамыз» деді.

Ханиййе «1948 жылдан бері сионистік басқыншы жетекшілердің ауыр азабы және шабуылдарымен бетпе-бет қалғандарына» назар аударып, Израильдің жер аудару, қасиетті жерлерге шабуыл жасау және өлтіру сияқты әрекеттерін еске салды.

Ханиййе Хамас-тың бірнеше рет Израильді оккупациясынан бас тартуға шақырғанын атап «Хамас халықаралық құқықтың барлық нормаларын бұзған бұл басқыншыларды тоқтату үшін Израильге шұғыл түрде қысым көрсетуге шақырды» деді.

Араб және мұсылман елдерінің Израильдің шабуылдарына қарсы Палестинаның жанында болуын талап еткен Ханиййе Палестина халқына қолдау мен ынтымақтасу үшін шұғыл қозғалуға шақырды.

Ханиййе «(Израиль) Армиясы әскери қақтығыстарда сәтсіздікке ұшырап, көтерілісшілдердің шабуылдары алдында құлдырауының артынан жау ең қорқынышты қырғындарды жасауды жалғастыруда. Жазықсыз адамдардың үйлері мен ғибадат орындарын нысанаға алып, балаларды, әйелдерді және қарттарды өлтіруде» деді.



Ұқсас жаңалықтар