Украина Клищиевка ауылын азат етті

Андрей Ермак «Украина жерлерін басқыншылардан құтқарғаны үшін сарбаздарға алғыс айтамын» деді.

2038577
Украина Клищиевка ауылын азат етті
ukrayna.jpg

Украина Донецк облысының Бахмут бағытындағы Клищиевка ауылын Ресей басқыншыларынан азат еткенін хабарлады.

Украина Құрлық күштері қолбасшысы Александр Сирский әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Украина армиясының Бахмут бағытында табысқа жеткенін айтып, былай деді: «Украина Ұлттық полициясының 80-ші әуе шабуыл бригадасы, 5-шабуылдау бригадасы және құрама шабуылдау бригадасы Клищиевканы Ресей басқыншыларынан азат етті» деді.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак та әлеуметтік желідегі жазбасында Клищиевканың Украинаның бақылауында екенін айтқан еді.

Андрей Ермак «Украина жерлерін басқыншылардан құтқарғаны үшін сарбаздарға алғыс айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар