Габонд әскери төңкеріс жасалғаны хабарланды

Нигерден кейін бұл жолы төңкеріс туралы хабар Орталық Африкадағы Габон елінен келді.

2030799
Габонд әскери төңкеріс жасалғаны хабарланды

Демалыс күні президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін бір топ сарбаз ұлттық телеарна ғимаратына басып кіріп, билікті бақылауға алғандарын жариялады.

Әскери төңкерісшілер сайлаудың күшін жойғандарын, барлық шекараларды келесі ескертуге дейін жапқандарын және республиканың барлық мекемелерінің жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.

Төңкерісшілер «Бүгін 2023 жылдың 30 тамыз күні. Мекемелерді ауыстыру және қалпына келтіру комитетінің қорғаныс пен қауіпсіздік күштері ретінде Габон халқы атынан мекемелерді сақтап қалудың кепілі ретінде бейбітшілікті қорғауға шешім қабылдадық. Қазіргі режимнің күші жойылды» деп мәлімдеді.

Габон сайлау орталығы (CGE) қазіргі Габон президенті Али Бонго Ондимба жинаған 64,27 пайыз дауыспен үшінші рет сайланғанын растауының артынан көп ұзамай жасалған бұл мәлімдемеден кейін бас қала Либревильде атыс басталғаны атап көрсетілді.

Өздерін «Мекемелерді ауыстыру және қалпына келтіру комитеті» деп атаған әскери әкімшілік тарапынан жасалған бір мәлімдеме де болса Президент Бонгоның үйқамаққа алынғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Бонгоның бір ұлының да «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен ұсталғаны да атап көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар