Пригожиннің Ресей тарапынан өлтірілгені пайымдалуда

Пентагон Тверьде жеке ұшағында қаза тапқан Пригожиннің өлтірілгенін алға тартты.

2029091
Пригожиннің Ресей тарапынан өлтірілгені пайымдалуда

Еуропалық Одақ (ЕО) комиссиясының баспасөз өкілдерінің бірі Питер Стано Ресей «Вагнер» әскери тобының басшысы Евгений Пригожиннің өліміне қатысты пайымдаулардың Ресейден тараған кез келген ақпарат сияқты растауды қажет ететінін мәлімдеді.

Питер Стано Пригожиннің өліміне қатысты айыптауларға қатысты мәлімдемесінде «Қазіргі уақытта Ресейден шыққан ештеңе де сенімді емес. Ресейден шығатын барлық нәрсе сияқты бұны растауымыз өте қиын. Сондықтан біз түсініктеме бере алмаймыз» деді.

Пригожин өлімінің «Вагнер» тобына  әсері туралы Стано «Вагнер тобының әлемнің көптеген жеріндегі әрекеттері аяқталады деп үміттенеміз. Бірақ біз "Вагнер"-дің негізін қалаушымен ғана байланысты емес екенін білеміз. "Вагнер"-ді Мәскеу әкімшілігі ұйымдастырып қаржыландырғаны анық» деді.

Стано «Вагнердің» Украина, Сирия, Ливия және Африка елдеріндегі әрекеттері үшін Еуроодақтың санкция тізімінде екенін еске салды.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) болса Тверьде жеке ұшағында қаза тапқан Пригожиннің өлтірілгенін алға тартты.

Пентагонның баспасөз хатшысы бригада генералы Патрик Райдер Пригожиннің өліміне қатысты мәлімдеме жасады. Райдер «Біздің көзқарасымыз бойынша  өлтірілген болуы мүмкін» деп көрсетті.

Британдық «BBC» телеарнасы болса Пригожиннің өлімінің артында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік ұйымының болғанын пайымдады.



Ұқсас жаңалықтар