Мемлекеттік қызметкерлер үйден жұмыс істейтін болады

Қызметкерлердің үйлерінен орынсыз шығып кетуіне жол бермеу үшін тексерулер жүргізіледі.

2027396
Мемлекеттік қызметкерлер үйден жұмыс істейтін болады

Индонезия астанасы Джакартада ауаның ластануына байланысты  мемлекеттік қызметкерлер үйден жұмыс істейтін болады.

Джакартаның уақытша әкімі Херу Буди Хартононың бұйрығымен енгізілген режим аясында мемлекеттік қызметкерлер қаладағы ауаның ластануына  байланысты үйден жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметкерлердің жартысы бүгіннен бастап 2 ай, ал 25 пайызы келесі айдан 21 қазанға дейін үйден жұмыс істейтін болады.

Қызметкерлердің үйлерінен орынсыз шығып кетуіне жол бермеу үшін тексерулер жүргізіледі.

Индонезия президенті Джоко Видодо да соңғы апталарда қатты жөтеліп жүр. Астанадағы ауа ластығы 5-7 қыркүйекте өтетін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) саммитіне де көлеңке түсіреді деген алаңдау бар.

Үкімет қоршаған ортаны ластауға байланысты салықты енгізуді және зауыттардағы тексеруді арттыруды жоспарлап отыр.

10 миллион халқы бар ел астанасы Джакартаны «IQAir» ауа сапасы ең төмен қала деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар