«Soros» Еуропадан кетеді

Соростың ұзын мерзімді стратегиялық мақсатында Еуропа орын алмайды.

2026448
«Soros» Еуропадан кетеді

 

Америкалық қаржыгер Джордж Соростың «Ашық қоғам» қоры мен осы қорға қарасты басқа да ұйымдары Еуропадан кетеді.

Осы шешімді 93 жастағы Джордж Соростың орнына басшы болып келген баласы Александр қабылдады. Маңызды шешімнің себебі әлі айтылмады.

Алайда айтылғандарға қарағанда, Соростың ұзын мерзімді стратегиялық мақсатында Еуропа орын алмайды.

Тілге тиек етілген басқа бір уәж болса мынадай: шығыс Еуропа елдері секілді оңшыл пікірлер артқан елдерде «Soros-қа» қарсы оппозиция күшейіп келеді.

«Темір перде» құлағаннан кейін әсіресе шығыс Еуропада демократияны жетілдіру мақсатымен миллиардтаған доллар жұмсаған «Soros»  көптеген елде төңкеріс ұйымдастырды немесе төңкерістерге қолдау берді деп айыпталады.



Ұқсас жаңалықтар