Польшада 2 Ресей азаматы тұтқындалды

Польша Ішкі істер министрі Мариуш Камински мәлімдеме жасады.

2024301
Польшада 2 Ресей азаматы тұтқындалды

Польшада Ресеймен байланысы бар қауіпсіздік компаниясы «Вагнер» тобын насихаттағаны үшін Ресейдің екі азаматы ұсталды.

Әлеуметтік желідегі аккаунтынан хабарлама жасаған Польша Ішкі істер министрі Мариуш Камински Польша Ішкі қауіпсіздік қызметі (ABW) мен полицияның «Вагнерді» насихаттаған 2 Ресей азаматын ұстағанын мәлімдеді.

Елдегі ішкі қауіпсіздіктің маңыздылығына тоқталған Камински «ABW полициямен бірлесе отырып, Краков пен Варшавада «Вагнерді» насихаттайтын материалдар таратқан екі Ресей азаматын анықтап, ұстады» деді.

Министр Камински аталмыш екі адамның іс-әрекетіне қоса тыңшылық жасаумен айыпталғанын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар