Ресейде Су-30 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Су-30 әскери ұшағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде құлап, 2 ұшқыш қаза тапты.

2023723
Ресейде Су-30 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Ресейдің Калининград облысында Су-30 әскери ұшағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде құлап, 2 ұшқыш қаза тапты.

Ресей Қарулы күштерінің Батыс әскери округі мәлімдемесінде Калининградта оқу-жаттығу ұшуын орындаған Су-30 әскери ұшағының апатқа ұшырағаны хабарланды.

Ұшақтағы екі ұшқыштың қаза тапқаны білдірілді.

Ұшақта оқ-дәрі болмағаны, апаттың техникалық бір ақау салдарынан болуы мүмкін екені атап көрсетілді. Ресейдің Еуропадағы аумағы ретінде белгілі Калининград Балтық теңізінде НАТО мемлекеттері Польша мен Литва арасында орналасқан.

Ресей армиясы Су-30 әскери ұшағын 2022 жылдың 24 ақпан күнінен бері жалғасып жатқан Украинадағы соғыста жиі пайдалануда.



Ұқсас жаңалықтар