Румыния президенті Ресейдің шабуылын айыптады

Иоханнис Ресейдің шабуылдарын айыптап, жағдайдың «қабылданбайтынын» айтты.

2019740
Румыния президенті Ресейдің шабуылын айыптады

Румыния президенті Кла́ус Ве́рнер Йоха́ннис Ресейдің Дунай өзені бойындағы порттарға шабуылдарын «соғыс қылмысы» деп сипаттады.

Иоханнис Ресейдің шабуылдарын айыптап, жағдайдың «қабылданбайтынын» айтты.

Шабуылдарды «соғыс қылмысы» деп сипаттаған президент астық қоймаларына бағытталған осы шабуылдардың «Украинаның астық өнімдерін әлемдегі мұқтаж жандарға жеткізу әлеуетіне кедергі болғанын» білдірді.

Украина қоғамдары, аймақтары және инфрақұрылым жетілдіру министрі Александр Кубраков Ресейдің кеше түнде Дунай өзені бойындағы порттарға шабуылдағанын білдірген болатын. Осы порттардың суретін жариялаған ол «Кеше түнде Ресей Иранның ұшқышсыз әуе аппараттарымен осы порттарға шабуылдары. Бұлар – жаһандық астық қауіпсіздігінің іргетасы болып тұрған порттар.  Орыстар қойма және астық қоймаларын бомбалады.  Африка елдері, Қытай және Израиль күтіп отырған 40 мың тонна астыққа зиян келді» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар