Палестина әкімшілігі Израильді айыптады

Палестина әкімшілігі Израильді Шерияның батысында жасаған қылмыстары үшін айыптады.

2019022
Палестина әкімшілігі Израильді айыптады

Палестина ресми ақпарат агенттігі «WAFA»-ның хабарына қарағанда Палестина мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Набил Әбу-Рудейне жасаған жазбаша мәлімдемеде Израиль үкіметін Шерияның батысындағы қылмыстары үшін айыптап, Израильді Палестина халқына қарсы қылмыстарын жалғастыруға итермелейтін халықаралық үнсіздік пен жауапкершіліктің жоқтығының бұған себеп болғанын атап көрсетті.

Иерусалим мен Хеброн қалаларында Израиль өлтірген жастарға назар аударған Әбу-Рудейне «Басқыншы күштер күнделікті өлтіру операцияларымен халықаралық құқықты бұзады. Өлтіру операцияларын, алаңдарда жазалауды, қалаларды, ауылдарды, лагерьлерді басып алуды, халқымызға қарсы ең қатал ұжымдық жазаларды қолдануды табандылықпен жалғастыруда. Бұл гуманитарлық және халықаралық құқық пен заңдылыққа қайшы келеді» деді.

Әбу-Рудейне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен бастап халықаралық мекемелерді Палестина халқына халықаралық қорғауды қамтамасыз етіп, қарарларды орындауға шақырды.

АҚШ әкімшілігінен тым кеш болмай тұрып араласуын сұраған Әбу-Рудейне нашарлаған жағдайға АҚШ пен Израильдің жауапты екенін білдірді.

Кеше Израиль армиясы Хеброн қаласы мен Иерусалимнің шығысында бірі бала, барлығы екі адамды өлтірді.



Ұқсас жаңалықтар