Аптап ыстыққа байланысты 2 күн демалыс

Барлық мекемелер 2 күндік демалыс  жариялады.

2018806
Аптап ыстыққа байланысты 2 күн демалыс

Иранда қатты аптап ыстыққа байланысты барлық мекемелер 2 күндік демалыс  жариялады.

Бұл туралы Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Әли Бахадори Чехроми «Twitter-дегі» парақшасында хабарлады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің осы күндері бұрын-соңды болмаған аптап ыстыққа байланысты азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында еліміздің барлық аумағында сәрсенбі және бейсенбі күндері демалу туралы ұсынысын Министрлер Кеңесі қабылдады» деп хаарланды.

Соңғы апталарда өте ыстық ауа райы байқалған Иранда ертең елдің оңтүстік-батысындағы кейбір қалаларда ауа температурасы 51 градусқа жетеді деп болжануда. Ел астанасы Тегеранда 40 градус ыстық болуы мүмкін.

Иранның Денсаулық сақтау министрі Бахрам Эйнуллахи үкіметке ауа температурасы 40 градустан асқан аймақтарды демалыс күні деп жариялауды ұсынған еді.



Ұқсас жаңалықтар